Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығына орай Отырар ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында «Әкем, анам және мен» тақырыбымен үстел тенисі, асық ату, дойбы, арқан тарту және ләңгі тебу секілді бес спорт түрінен отбасылық сайысы өтті.

Мақсат Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, «Қазақстан-2050 стратегиясы» мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру арқылы халықты салауатты өмір салтына баулу, аудан көлемінде мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, кеңінен насихаттау.

Тартысты өткен отбасылар арасындағы сайыста Адасқановтар жанұясы жүлделі 3-орынға ие болса, жүлделі 2-орынға Романқұловтар отбасы иеленді. Ал, спартакиаданың бас жүлдесі спортттың барлық түрінен үздік нәтиже көрсеткен Ташовтар отбасына бұйырды.
Түрлі аталымдар бойынша жүлдегер командаларға Алғыс хаттар мен дипломдар, естелік медальдар және арнайы кубок пен заттай бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікір жазу