Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚЫМБАТ ҚҰНДЫЛЫҚ!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚЫМБАТ ҚҰНДЫЛЫҚ!

Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығы және Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету мақсатында Сайрамдағы өзбек драма театрында «Мемлекеттік тілді білу – парызым!» атты республикалық конкурс өтті. Үш кезеңнен тұрған конкурсқа Қазақстан Республикасындағы өзбек мектептерінің аудан, қалалардан іріктеліп шыққан 2018 жылғы бітіруші 17 оқушы қатысты.


Конкурс жеңімпаздарына Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орындарында грантта оқу үшін сертификат табысталды.


Қорытынды бойынша Сайрам ауданының №4 мектеп-гимназиясының оқушысы Хатамова Розаой Бахадировна Бас жүлдеге, Түркістан қаласындағы Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Арзиметова Назима Отабекқызы І орынға, Сайрам ауданындағы №47 жалпы орта мектеп оқушысы Мирзалиева Диана Равшанбековна мен Шымкент қаласындағы №111 мектеп оқушысы Орманбекова Фазила ІІ орынға, Түркістан қаласындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Балташова Юлдуз Маратовна мен Қазығұрт ауданындағы «Қазанның ХХХ жылдығы» мектеп оқушысы Полатова Мадина Абдикаримқызы ІІІ орынға ие болды.

 

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу