Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ОТЫРАРДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Бүгін Отырар ауданында Павлодар облысы, Баянауыл ауданынан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Баянауыл ауданының әкімінің орынбасары Бақыт Тоқжігітова бастаған бір топ делегация келіп, халықпен кездесу өткізді.
Кездесудің маңыздылығы жөнінде аудан әкімі Ерлан Айтаханов кеңінен түсіндірді.

Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов өз сөзінде: «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы республикамыз бойынша кең көлемінде жұмыс жасап жатқан бағдарламалардың бірі. Медицина, білім беру және ауыл шаруашылық салаларында деген сұраныс Баянауыл ауданында жоғары деңгейде. Көшіп барушы отбасыларын әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мемлекет тарапынан қарастырлған» — деп аудан жастарын табиғатына әлем тамсанатын өлекеге қорықпай жұмыс жасауға шақырды.


Өткен жылы Оңтүстіктен жоғарыдағы бағдарлама бойынша 9 отбасы көшірлген болатын. Сондай азаматтардың бірі, отбасымен бірге Арыс ауданынан қоныс аударған бүгінде Баянауыл аудандық білім бөлімінің өкілі Сейітов Нұржан кездесу барысында халық тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты тұшымды жауап берді. Сонымен қатар, жиналған көпшілік өздерін қызықтырған бос жұмыс орындары бойынша сала мамандарынан жеке-жеке ақпарат алып, мәлімет алмасты.

Пікір жазу