Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент қаласының әкімдігі және Білім бөлімінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің 2016 жылдағы «Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша 2019 жылға дейінгі жол картасын» жүзеге асыру бағытында бүгінгі күні Шымкент қаласында үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап «Жасөспірімдер арасында денсаулық және өмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы өз жұмысын бастаған болатын.


Осыған орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен және «Bilim foundation» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен №3 Шымкент қалалық емханасында денсаулық сақтау мамандарының, Шымкент қаласы бойынша орналасқан барлық емхананың бас дәрігерлерінің және шақырылған мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласы мамандарының рөлі және дәрігер мамандардың арнайы оқытудан өту мәселелері қарастырылды. Жасөспірімдерге қажетті көмекті дер кезінде ұсыну үшін қала бойынша 351 дәрігер маман осы айдан бастап арнайы оқудан өтеді.

 

(Аят Әсетұлының фоторепортажы)

(Ә.Ә.)

Пікір жазу