Түркістан облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараевтың мәлімдеуінше, облыс бойынша 456639 бала саны мен 901 жалпы білім беру мектептері бар. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 901 жалпы білім беру мектептерінде «Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беру бағдарламалары бойынша бастауыш, орта негізгі, жалпы орта білім беру мекемелерінде құжаттар өткізу және қабылдау» қызметін автоматтандыру енгізілетін болады.
Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы көпқабатты үйлер тұрғындарының коммуналдық қызметінің тиімділігін және сапасын арттыру мақсатында даму жағдайына сәйкес жоғары деңгейдегі жалпы үйге арналған (су, жылу, электр энергиясы) құралдарын орнату көзделуде.
Сонымен қатар, облысымыздағы 49 емханада денсаулық сақтау саласында көп қолданылатын 3 дәрігерді үйге шақырту, дәрігердің қабылдауына жазылу, медициналық ұйымдарға тіркелу қызметтеріне қол жеткізе алатын жиынтық медициналық ақпарат жүйесі іске қосылған.
Ағымдағы жылы Түркістан облысында цифрлық білім беру ресурстарын енгізу аясында 1500 BilimBook ноутбуктарын және 200-ге жуық интерактивті панелдерін сатып алынып, нәтижесінде оқушыларды компьютерді қамту деңгейі едәуір артатын болады.
(Ә.Ә.
Асхат Әссандидің фоторепортажы)