Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАСПАНА КЕРЕК БОЛСА…

БАСПАНА КЕРЕК БОЛСА…

Құрметті Шымкент қаласы тұрғындары!
Мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында Шымкент қаласынан пəтерлі болғыңыз келсе, 2018 жылдың 23 шілдесінен бастап «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы Əкімшілігінің халықтық кеңсесі «фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында түсіндіру жұмыстарын бастайды.

Бұл жерде, Сіз мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары туралы толық ақпарат алып, тұрғын-үй жинақтары туралы келісім шарт жасай аласыз! Сондай-ақ, Шымкент қаласында бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандары туралы ақпарат ала аласыз!

Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы əкімшілігінің «тұрғын-үй бөлімі» кезегінде тұрған азаматтар пəтерлі бола алатынын ескертеміз!
Жақын уақытта, тиімді 5 % мөлшерлемемен пəтерлі болам десеңіз «тұрғын-үй жинақтары шартын» жасауға үлгеріңіз.

Ақпарат алу үшін: +7 701 605 36 39, +7 705 486 96 08
Мекен-жайы: Шымкент қ., Рысқұлов даңғылы — Байтұрсынов көшелері қиылысында орналасқан Шымкент қ. Əкімшілігінің «фронт-офис» халықтық кеңсесі. «Наурыз» аялдамасы.

 

Пікір жазу