Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТІ

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТІ

Шымкент қаласындағы Александр Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бастауыш кәсіптік одақ ұйымдарының қажеттілігі, олардың беделін арттыру, кәсіподақтардың мақсаты мен міндеттерін кітапхана қызметкерлері арасында талқылау мақсатында жиын өтті.

Жиынға Түркістан облысы өңірлік кәсіподақтар орталығының директор орынбасары Қапбар Есенов, облыстық салалық мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, облыстық жасөспірімдер кітапханасы және Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдарының мүшелері қатысты.


Жиын барысында кәсіподақ ұйымдарының қазіргі таңдағы қызметі, міндеті жайлы және жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы түрлі экономикалық, әлеуметтік мәселелер туралы Түркістан облысы өңірлік кәсіподақтар орталығының директор орынбасары Қапбар Қожақұлұлы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, мәдениет қайраткері, салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің төрағасы Бастарбек Пірімбетов «Алтын қорға үлес қос» акциясына атсалысып, өзінің жеке кітаптарын кітапхана қорына тарту етті.

 

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу