Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН ТӨРТ АУДАННЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН ТӨРТ АУДАННЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ

Бүгінгі алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс  жиырма жетінші сессиясында Түркістан облысының таяуда бөлініп, қайта құрылған Жетісай, Мақтаарал,  Келес,  Сарыағаш  аудандарының шекаралары бекітілді.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасымыздың қолдауымен екі ауданның бөлінуі халқы тығыз орналасқан аумақ үшін маңызды екеніне тоқталды.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс орталығы — Түркістан қаласына көшу бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, қыркүйек айында барлық басқармалармен бірге көшетінін жеткізді. Ол үшін шілде, тамыз айларында әкімдікке қарасты мекемелер мен мәслихат аппараты орналасатын ғимараттар дайындалатынын атап өтті.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоғарыда аталған жұмыстарды бірлесе ұйымдастырып, Түркістан қаласына көшуге біркісідей атсалысуға шақырды.

Сессияның барысында бірқатар халық қалаулылары «Астанаға 20 жыл» мерекелік және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олардың қатарында Серікжан Сейтжанов, Есей Өркен, Әсет Қайыпбеков, Қайрат Сапарбаев, Мұрат Төлтебаев, Қайрат Сүлейменов, Бекасыл Төлендиевалар бар. Ал облыс әкімінің Құрмет грамотасымен  Рабиға Қуатбекова, Зуппархан Чалданов, Айнаш Сатиевалар марапатталды.

Пікір жазу