Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласындағы облыстық Тарихи-мәдени этнографиялық орталықта архитекторлар мен археологтар, тарихшылар мен суретшілер бас қосты. Өз салаларында елімізге белгілі 40-қа жуық азамат қатысқан дөңгелек үстел барысында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, професор Байтанаев Бауыржан, Интеллект-эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, професор, академик Мажитов Саттар, Түркістан облысының «Сәулеттік бюросы» мемлекеттік мекемесінің директоры, архитектор Бақытжан Әшірбаевтар сөз алып, Түркістанды дамыту бойынша өз ойларын ортаға салды.

Түркістан қаласындағы жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебев облыс орталығына айналып отырған шаһарды экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдени жағынан дамыту басты мақсат екенін атап өтті.

Әкімнің айтуынша, жалпы жоба 99,6 гектар жер аумақты қамти отырып, үш кезеңде іске асырылатын болады. Бірінші кезеңде Түркия тарапынан салынған мешіттің оңтүстік шығыс бетіндегі  61,8 гектар жер аумағына «Этоносаябақ» салу көзделсе, екінші кезеңде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қарсы бетіндегі 12,3 гектар жер аумағында «ТҮРКСОЙ» ұйымына мүше елдердің мәдени ошақтары мен сол елдердің тарихын сипаттайтын нысандардың құрылысын жүргізу. Ал үшінші кезеңде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің 88,7 гектар аумағындағы бекініс қорғаны мен арбатты және оның  бойындағы ғимараттарды жаңғырту.

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу