Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОРНЫ БӨЛЕК ОТЫРАР

ОРНЫ БӨЛЕК ОТЫРАР

 

Түркістан облысының Отырар ауданында Астана қаласының 20 жылдығына орай 3 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді.

Онда 140 орындық «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы мен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық «Біләл ата» бөбекжай және заманауи үлгіде бой көтерген мәдениет ошағы тапсырылды.

Аталған нысандардың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев бұл игі істер Елбасы саясатының арқасында жүзеге асып отырғанын атап өтті.

 

«Жалпы облыста 1790-дай балабақша болса, соның 1 мыңға жуығы жекеменшік. Мұның барлығына мемлекеттен қаржы беріліп отыр. Осының арқасында балаларды балабақшамен қамту көлемі артып отыр. Бұл мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесі мен жемісі деп білемін. Балабақшамен қамту бойынша Қазақстан бүкіл дүниеде алдыңғы қатарда. Шетелде әр балаға 400 доллардан төлейді. Еуропадағы ең мықты деген елдердегі көпшілік балабақшадағы әрбір топта жатын бөлме, ойнайтын бөлме жоқ. Ал бізде Мемлекет басшысымыз болашақ ұрпаққа жақсы жағдай жасап отыр»,-деді әкім.

Аталған бөбекжайларда жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне, осы заманның үлгі жақтары түгел жасалған. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мұнда бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардың спортпен айналысуына баса назар аударылған.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Темір ауылында ашылған 200 орындық мәдениет үйінің жұмысымен танысты.

Асхат Әссандидің фоторепортажы

 

Пікір жазу