Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Шымкент аграрлық колледжінде Ордабасы ауданының құрметті азаматы, қаламы қарымды, айтары бар талантты журналист Әсет Әссандимен, боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауырсалмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері Мұхтархан Ділдабековпен білім алушылардың кездесу кеші өтті.
Мұхтархан Ділдабеков білім алушыларға қандай да бір нәтижеге қол жеткізу — әр спортшының өзіне байланысты деді. Мәселен, бокс мектебіне алғаш қатысып жүрген кезімде оны тастап кетпекші де болғанмын. «Мен не үшін жүрмін, осы жасап жатқанымның берері бар ма?» дейтінмін. Өз-өзіме сұрақ қоя бастадым. Уақыт өте келе өзімнен есеп алуды да үйрендім. Сөйтіп, қасымдағылардан екі-үш есе артық жаттығу жасауға көштім. Сенімім мені алдаған жоқ. Барлық бақыттың кілті еңбекте жатыр екен.
Кеш қонақтары колледждің білім алушыларының қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу кеші өнерпаздардың әуезді әнімен жалғасты.