Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Жастардың жетекшісін жариялап…

Жастардың жетекшісін жариялап…

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына  Балмаржан Полатқызы Нарбекова  тағайындалды.

Балмаржан Полатқызы Нарбекова 1988 жылы туылған, білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын Шымкент қаласы әкімі аппаратының нұсқаушысы  болып бастаған. 2010-2015 жылдары «Жастар орталығы» МКҚМ  директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы, Шымкент қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» аналитикалық жинақтау және мониторингілеу, жастар тәжірибесін ұйымдастыру бөлімдерінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

2015 жылдың шілде айынан бастап Шымкент қаласы  Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымында абыроймен қызмет атқарып келді.

Балмаржан Полатқызы студенттік кезеңнен бастап облыстық деңгейдегі көптеген жастар арасындағы қоғамдық жұмыстардың белсенді қатысушысы болып, өзінің іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. Оңтүстік Қазақстан облыстық, Шымкент қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы және әкімдіктер жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестердің мүшесі ретінде өңіріміздегі жастар саясатын дамыту саласында жоғары жауапкершілік танытып бірқатар жұмыстар атқарды. Жас та болса еңбегі ескеріліп, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің, «Нұр Отан» партиясының, ОҚО әкімінің, ОҚО мәслихатының Алғыс хаттарымен марапатталған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу