Шымкент каласында 14-18 мамыр аралыгында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы болып өтті. Акцияның максаты: отбасындагы зорлық –зомбылықтың алдын-алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою және қажетті профилактикалық жұмыстар жүргізу. Акция мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес мекемелердің, жұртшылықтың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып өткізілді.
Көбінесе отбасында зорлы-зомбылық көрген нәзік жан иелері дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар беруден қорқасоқтайды. Бұл жерде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс атқаруға, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, халықтың қалың тобын отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және оның жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Бүгінгі күні қылмыстардың басым бөлігі ішімдіктің кесірінен белең алып жатады. Сондай-ақ, заңгерлік кеңес беру, өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа хабарлау болып табылады.