Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Түркістандық өнерпаз республикалық жыршы, жырау, термешілер байқауында бас жүлде иеленді

Түркістандық өнерпаз республикалық жыршы, жырау, термешілер байқауында бас жүлде иеленді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен  «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен Баянауыл ауданының тумасы, Ұлы ғұлама, фольклоршы, этнограф, философ тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 160 жылдығына арналған «Көне ғасыр күмбірі» атты  республикалық  жыршы, жырау, термешілер байқауы өтті.


Көне ғасыр жыр-термелерін қайта күмбірлеткен дүбірлі байқауға республиканың Батыс, Оңтүстік, Шығыс Қазақстаннан және Қызылорда, Қостанай, Көкшетау, Павлодар облысының жыр сүлейлері келіп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының інжу маржандарын ән жырға қосып, өнегелі өнерлерін қазылар алқасының сынынан өткізді.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Түркістан облысының дәстүрлі әншісі Ахынбеков Руслан лайық деп танылды. Бұған дейін де , бірқатар республикалық байқауларда жүлдегерлер қатарынан көрініп, өңіріміздің абыройын асқақтатып жүрген өнер иесіне Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы қолдау көрсеткен болатын.

Ұлы дарын иесіне арналған байқау 2008 жылдан бастап дәстүрлі түрде әр 2 жыл сайын өтіп келеді. Биыл 5-ші рет шымылдығын түрген додада 14-69 жас аралығында 17 үміткер қатысып халық ауыз әдебиетінен ауызданған жыр-дастан, термелерін орындады.
Байқаудың марапаттау рәсімі мен гала-концерті Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы туған Баянауыл ауданы Ескелді ауылында өтті. Жиын соңында шараға қатысушылар мен қазылар алқасы қасиетті баба басына арнайы тағзым етіп, құран бағыштады.

Пікір жазу