Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «ЖАСЫЛ ЕЛ» – ЖАСТАР ТІРЕГІ!

«ЖАСЫЛ ЕЛ» – ЖАСТАР ТІРЕГІ!

Шымкент қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты Убелтаев азалбек басқаратын Жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. Бұл жастар орталығы қаланың барлық саласына қолғабыс жасап, шырайлы қаланы түлетуде тындбай еңбек етуде.

Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері белсенді жастардың басын қосып, Шымкент қаласында құрылған «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і және «Жасыл қала» ЖШС-і арқылы қаламыздағы Бадам өзені бойы, Д.Қонаев даңғылы және Бауыржан Момышұлы, Төлеген Айбергенов, Желтоқсан көшелерінде жұмыс жасап жүрген 80-ге жуық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының бір күндік жұмыс барысымен танысып,  қолғабыс етті. Қаланың жайқалып, жайнап тұрудағы осы аға–әпкелерінің еңбегін жастарға таныстырды.

Шымкент жастарының жұмысы мұнымен шектелмеді. Орталық саябақта бірқатар жастарға және қала тұрғындарына «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған бағдарламаның мақсатын әрі халыққа тиімді жолдарын қарапайым тілмен түсіндіре білді.

Пікір жазу