Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі болып Исамидин Қантөреев қызметіне кірісті.

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында Қаратау ауданының әкімі тағайындалды. Сессия отырысында депутаттар Қаратау ауданының әкімі лауазымына Қантөреев Исамидин Мұхитдинұлының тағайындалуына келісім берді.
Исамидин Мұхитдинұлы 1984 жылы туылған. Білімі – жоғары заңгер, экономист.

Қызмет жолын 2005 жылы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Өндірістік және жедел кәсіпорын» ЖШС-де экономист болудан бастаған.

2008-2009 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» ММ-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша е-кадр жөніндегі операторы, 2009 жылдың сәуірінен «Персоналды басқару бойынша ұлттық орталығы» АҚ ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің аумақ бойынша бағалау және мониторинг басқармасының сарапшысы, 2013-2015 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық бақылау жұмысы бөлімінің референті қызметтерін атқарған.

2016 жылдың сәуірінен бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Шын жүректен құттықтаймыз!..

Пікір жазу