Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Қалада балабақшаға қабылдау жүйесі жаңартылды

Қалада балабақшаға қабылдау жүйесі жаңартылды

Шымкентте бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау жүйесі толық автоматтандырылды. Бұдан былай қала аумағындағы 459 балабақшаға бүлдіршіндер автоматты түрде қабылданады. Бұл жүйе балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру және балабақша ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде әр баланың электронды төлқұжаты қалыптасады. «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асқан жүйені сынақтан өткізу нәтижесінде балабақша кезегінде тұрған 3-6 жасар сәбилердің қатары 2,5 есеге — 46 мыңнан 18 мыңға дейін азайды.

Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту енді автоматты түрде, онлайн-режимде атқарылады. Бұл өз кезегінде жемқорлық тәуекелдері мен ата-аналардың арыз-шағымдарының төмендеуіне септігін тигізді.

Сонымен қатар бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдау жүйесі де автоматтандырылды. Аталмыш жүйе электрондық қабылдауды жүзеге асырады, педагогикалық құрам туралы, оқыту тілі, мектептің рейтингісі, теріс факторлардың деңгейін айқындап, ата-аналарға толық ақпар бере алады. Бұдан бөлек автоматтандыру жүйесі үш ауысымдық білім берудің ықтималдығын төмендетпек.

Пікір жазу