Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында жыл басынан бері 7 орман өрті тіркелген. Қазіргі таңда төтенше жағдайлардан келтірілген жалпы материалдық шығыны анықталуда. Осы сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Бақытжан Запаров өңірлік коммуникациялық қызметіндегі баспасөз жиынында мәлімдеді.

Оның сөзінше, аймақ басшысы Ж.Түймебаевтың жазғы өрт қауіпті кезеңінде облыс аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында берген тапсырмалары жоспарға сәйкес орындалуда.

2018 жылға облыс аумағында орман және дала өрттерін дер кезінде анықтау мақсатында ғарыш мониторингіне жалпы 6,5 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті мекемемен келісімшарт түзілген. Сонымен қатар, орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында қала, аудан әкімдіктері тиісті ауыл округтерінде жалпы 9713 адамнан тұратын 851 ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құрылған.

Одан бөлек, шалғай жатқан елді мекендердегі дала өрттерін сөндіру үшін барлық аудандарда бір соқалы трактормен бірге 3 тонна суы бар тіркемелі бөшкелермен жалпы 23 уақытша бақылайтын өрт сөндіру бекеттері құрылған.

Сонымен қатар, облыс аумағында орман және дала өрттеріне жол бермеу мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 802 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 2804 шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 2432 шақырым, теміржол бойларында 477 шақырым, орман қоры жерлерінде 8595 шақырым және астық алқаптарында 6235 шақырым өртке қарсы ені 7-12 метрді құрайтын минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілген.

Пікір жазу