Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ӨНЕРГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ

ӨНЕРГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» облыстық «Talant show» байқауы өткізілді.

ІІ кезеңнен тұрған бұл байқауға аудан-қалаларда өткен байқауларда жүйрік атанып, іріктеліп шыққан 18 өнерпаз жас қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Сарыағаштық өнерпаз қыз Садвакасова Фатима иемденді. Сонымен қатар, 1 ші орын Бəйдібек ауданының тумасы Пірімжар Айжан, 2 ші орын Арыс қаласы Жұбатов Мамырхан, 3 орын Ордабасы ауданы Нұрмаханбет Аяжан, Түлкібас ауданының қызы Алиева Ларисаға бұйырды. Ал Созақ ауданының «Шабыт» вокалдық квинтетіне арнайы номинация тағайындалды.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, бас жүлдеге 500000 тг, 1 орынға 400000 тг, 2 орынға 300000 тг, 3 орынға 200000 тг қаржылай сыйлықтар табысталды.

Азат Дидарбек

Пікір жазу