Бүгін Арыс қаласында 30-тамыз – Конституция күні мерекесі мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Шараның мақсаты қатысушылардың отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық әндерді насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарындыларға қолдау көрсету, вокальдық өнерін дәріптеу, өнерге деген құштарлығын арттыру болып табылады.
Мұндай шаралардың өткізудің маңызы зор әрі тәрбиелік мәні де жоғары.
Екі айналымнан тұратын байқауға қала аумағынан жалпы 11 өнерпаз қатысып, сайысқа түсті. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені А.Рахымхан, І-орынды А.Сейдібаттал, ІІ-орынды Р.Кеңесбай, ІІ-орынды Х.Төлебековалар бөліссе, ең жас әнші номинациясымен Е.Әкімқара марапатталып, бағалы сыйлықтармен және қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың дипломымен марапатталды.
Сайысқа қатысып, өз өнерлерн ортаға салған басқа қатысушылар да ынталандыру сыйлықтармен және дипломдар иеленді.