Елдің елдігін халықтың теңдігін айқындайтын ата зыңымызға биыл 23 жыл толып отыр. Осыған орай, Түркістан облысының орталығы — Түркістан қаласында Конституция күніне орай «Айбары мықты — Ата Заң» мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті мерекемен құттықтады.
«Бүгінгі жиынымыздың мәні терең екендігін атап айтуға тиіспіз. Өйткені Елбасымыздың бастамасымен өңірімізде тарихи тың бетбұрыс жасалып, мемлекеттің тағдырында маңызды орталыққа айналған Түркістанда өтіп отыр. Екі ғасырдан астам уақыт Ұлы дала дәстүрін дәріптеп, «Жеті жарғысы» жазылған қасиетті Түркістанның орны Қазақ елі үшін ерекше. Ендеше, тамыры «Жеті жарғыдан» тартылған Ата заңымыздың айбыны асқақтай берсін!» деп құттықтай келе, өңір басшысы еңбегімен үздік атанған бір топ азаматқа Грамота мен Алғыс хат тапсырды.
Өңір басшысы еңбегімен үздік атанған бір топ азаматқа Грамота мен Алғыс хат тапсырды.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер алқасы мен зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада облысымыздың өнер ұжымдары мен әншілері концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндерді шырқады.
(Ә.Ә.)
Аят Әсетұлының фоторепортажы