Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Жергілікті деңгейде аумақтарды басқаруға азаматтардың қатысу мүмкіндігін, жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру тетіктерін, қағидаттарын түсіндіру. Қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында кездесу өтті, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.


Жиынға «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Байзахова Сабира Мұратқызы, Шымкент қалалық «Қоғамдық кеңес» мүшесі, «Ару Аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ордабаева Бану Сансызбайқызы, мекеме, бөлім қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері және қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.


Шара барысында Шымкент қалалық «Қоғамдық кеңес» мүшесі, «Ару Аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ордабаева Бану Сансызбайқызы баяндама жасап, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Айта  кетейік, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру туралы Елбасының «100 нақты қадам-ұлт жоспарында»  нақты көрсетілген. Қоғамдық бақылау, бюджеттің ашықтығы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жергілікті басқарудың негізін құрайды.

Пікір жазу