Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 АҚЫН-ЖАЗУШЫНЫҢ КІТАБЫ ШЫҒАРЫЛЫП, 25 ҚАЛАМГЕРДІҢ САЙТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 АҚЫН-ЖАЗУШЫНЫҢ КІТАБЫ ШЫҒАРЫЛЫП, 25 ҚАЛАМГЕРДІҢ САЙТЫ ҚҰРЫЛАДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың мәжіліс залында зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, басқарма басшылары, қоғам белсенділері, ұстаздар мен ғалымдар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Жиынды Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Басқосуда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақытжан Әшірбеков 8 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 басымдығы, яғни бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы негізінде 6 арнайы жоба әзірленіп, нақты іс-шаралар жүзеге асырылған. Жобалық кеңседе 46 жоба әзірленіп, 168 іс-шара қолға алынған.

Биыл Түркістан облысының шежірелі орындары туралы аңыз-әңгімелер жинағы және облыстың туризмі мен тарихынан сыр шертетін фотоальбомдар дайындалып жатыр. Дәлірек айтсақ, Оңтүстік өңірінің аңыз-әпсаналарынан жинақ шығарылса, «Түркістанның көне қалалары», «Түркістанның таңғажайып табиғаты» фотоальбомы жарық көрмек.

Жиында «Өлкетану» жобасының авторларының бірі, тарихшы ұстаз Өмір Шыныбекұлы, «Южный Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары Кеңесбай Исмаилов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан, белгілі шежіреші-қаламгер момбек Әбдіәкімұлы мен «Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы Оңғар Тәжиевтің пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, өзге де азаматтар өз ойларын ортаға салып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарын айтты. Ұсыныстар мен ойлардың маңыздылары ескеріліп, өңірлік Жобалық кеңсенің жұмыс жоспарына енгізіледі.

Азат Дидарбектің фоторепортажы

 

Пікір жазу