Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты.

Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік томографиямен жабдықталды. Заман талабына сай жаңа қондырғы инсульт пен бас ми жарақатын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін Кентау қаласының тұрғындары Түркістан қаласына қатынап ем алуға мәжбүр болған.

«Компьютерлік томография ауруды алғашқы белгілерінен — ақ анықтауға мүмкіндік береді. Аппараттың көмегімен бастағы ісіктер мен қабыну процесін, сүйек құрылымындағы аурулардың ауыр жағдайының өзін нақты табуға болады»дейді мамандар. Сонымен қатар кеудедегі, құрсақ қуысы мен асқазан, аш ішектің, мұрын қуысы мен бүйректегі ауытқуларды тексеруге болады.

Жапондық Optima 540 компьютерлік томографиясы облыстық бюджет есебінен 269 млн. 500 мың теңгеге сатып алынып орнатылған.

Пікір жазу