Бүгін – Отбасы күні. Соңғы жылдары ҚР Президенті Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойлануда. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.
Осы орайда, Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды құрметтеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын насихаттау мақсатында «Бақытты отбасы» атты жас отбасылар арасында байқау өткізілді.
Аудан, қалалардан келген 11 жас отбасы қатысқан байқау барысында «Менің отбасым», «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды сайысы, «Капитандар сайысы», «Арқан тарту» атты спорттық-эстафеталық кезеңдері бойынша қатысушылар сайысқа түсті.
Байқаудың нәтижесі бойынша келесі аудандар жүзден жүйрік атанып, жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Сайрам ауданы, Ибрагимовтер отбасы (теледидар);
2 орын – Отырар ауданы, Есенбековтер отбасы (ноутбук);
3 орын – Қазығұрт ауданы, Ахметовтер отбасы (планшет);
Қалған барша қатысушы аудандар ынталандыру сыйлықтарына (электротолқынды пеш) ие болып, Алғыс хаттармен марапатталды.
(Ә.Ә.)
Азат Дидарбектің фоторепортажы