Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Созақ ауданында 1750 бала 1 сыныпқа барды

Созақ ауданында 1750 бала 1 сыныпқа барды

Бүгін аудандағы 35 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталды. Аудан әкімі Салыxан Полатов «Шолаққорған» жалпы орта мектебіне барып, ұстаздармен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
«1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке әрбір азаматтың жүрегінде ерекше орын алады. Себебі, осы күн әрбіріміз үшін мектеп табалдырығын аттаған сәтпен есте қалады», — деді аудан басшысы.

Жалпы ауданда былтырғы оқу жылында 13944 оқушы білім алып, 705-і мектеп бітірді. Оның 150-і мемлекеттік грант иегері атанды. Ал, биылғы оқу жылында 14 949 оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде 1-сыныпқа 1750 бала мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Аудандағы 35 мектепте 2020 педагог ұстаздар оларға білім береді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 1235 (72%) мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді. Ол үшін бюджет есебінен 304 мл 245 мың теңге бөлінді.

Ауданымыздағы білім саласына бөлінетін қаржы көлемі жыл санап артып келеді. 2018 жыл білім саласына қаралған қаржы 7 млрд 245 млн. 418 мың теңгені құрап отыр. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 108 млн. 831 мың теңге бөлініп тиісті шаралар атқарылуда.
Білім саласына бөлініп отырған осындай қомақты қаржы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өскін ұрпақтың сапалы да, заманауи білім алуына жасалынып отыран салихалы саясатының жемісі.

Пікір жазу