Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты

Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты

Сарыағаш аудандық орталық кітапханада кітапханашылар арасында «Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты» атты аудандық байқау өтті.

Қасиетті рухан қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Кітапханашы өмір бойы оқуда, ізденісте болуы шарт.

Ол – оның кәсіби міндеті. Себебі кітапханаға түскен әрбір жаңа ақпарат маманнан белсенді қабылдауды және оны іс-тәжірибеде қолдана білуді талап етеді. Байқаудың мақсаты өлке мерейін ұлықтау, кітапхана ісінің және кітапханашлардың қоғамдағы беделін көтеруге ықпал ету, ауылдық кітапханалардың өзара мәдени байланысын нығайту, рухани жаңғыру бағытындағы жұмыстарды дамыту.

Байқау үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең «Туған күніңмен, кітапхана!» таныстыру екінші кезең Т. Әлімқұловтың 100 жылдығына, Б. Батырбекованың 90 жылдығына, А. Сүлейменовтың 80 жылдығына орай шығармаларынан үзінділер орындау, үшінші кезең «Өнерлі болу міндетім…» өнер сәті.

Жеңімпаздар қазылар алқасының шешіміне сәйкес Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі бірінші орынды Таскескен ауылдық кітапхана меңгерушісі Мұсатаева Маржан иеленіп, Созақ ауданындағы байқауға жолдама берілді. Екінші орынды Дербісек ауылдық кітапханашысы Р.Егембердиева, үшінші орынды Қызылжар а/к Ж.Мұстафаева, Сіргелі а/к Мекен Есенге «Білімді кітапханашы» номинациясы, Бостандық а/к Н.Омароваға «Парасатты кітапханашы» номинациясы берілді.

Пікір жазу