Түркістан облысы, Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы өтті, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Сессияға аудан әкімі А.Есбаев, Мәслихат хатшысы А.Тотиков, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.
Күн тәртібінде Келес ауданының «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекіту туралы», Келес ауданының дербес құрамын келісу, Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 3 және 4 тоқсандарға арналған жұмыс жоспарларын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Сессия барысында ел сенімін арқалаған аудандық мәслихат депутаттары ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында алға қойған мақсаттары мен жоспарлардың, шешімін таппаған мәселелердің көп екендігін айтып, бірлесе отырып жұмыс жүргізіп, ауданымыздың көркеюі жолында аянбай еңбек ететіндерін айтты.
Жиын соңында аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынща өз пікірлерін білдіріп, қолдап-қуаттады.