Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІ

Бәйдібек  аудандық «Жастар сарайында» «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІ» тақырыбында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті. Шараға аудан әкімі Б.Танагөзов қатысып, бұл мереке елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің мерекесі екендігін айтып, аудан тұрғындарын Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады. Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы жемісті еңбегі, жеке кәсіби шеберлігі үшін ауданымыздың құрметті азаматы, тіл жанашыры Н.Мариев, М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай өткізілген көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауының бас жүлдегері А.Оспан, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту және дамыту орталығының ағылшын тілі маманы Ұ.Батырәлі, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л.Досымбет аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Шарада М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай өткізілген көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауының бас жүлдегері А.Оспан «Шолпанның күнәсі» тақырыбында көркемсөз оқыса, аудандық саз мектебінің ұстазы Н.Әбдікерімова «Қазақ тілі» тақырыбындағы шығармасын оқыды.
Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары «Қанеки, тілім сөйлеші», «Анамның тілі – аяулы үні», «Бір ел болса» тақырыптарында әннен шашу шашса, С.Әбдіжаппаров атындағы мектеп өнерпаздарының өнерлерін тамашалады.

Пікір жазу