Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Денсаулық сандарына жет

Денсаулық сандарына жет

Бәйдібек аудандық орталық стадионда Бәйдібек ауданы әкімдігі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық сандарына жет» атты «Денсаулық фестивалі – 2018» іс-шарасы өтті. Шараға аудан орталығындағы барлық мекеме қызметкерлері қатысты.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары А.Темір қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Стадионға жиналғандар әуенді ырғақпен би түріндегі жаттығулар жасады. Ерлер мен әйелдер арасында жүгіруден жарыс өтті. Жүгіру жарысының нәтижесі қорытындыланып, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының арнайы естелік сыйлықтары табыс етілді. Шара өткен жерге аудандық орталық аурухананың дәрігерлері арнайы медициналық құрал жабдықтарымен келіп, қатысушылардың қан қысымын өлшеп, қант диабетінің қалыптылығы жөнінде тексеру өткізіп, кеңестер беріп, арнайы түсіндірме парақшалар таратылды.

Шараның екінші бөлімі аудандық спорт кешенінде «Әкем анам және мен» отбасылық сайысқа жалғасты. Ойынның нәтижесі бойынша отбасылық сайысқа қатысушылардың жеңімпаздары аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бұл күні денсаулық фестивалі аудандағы барлық ауылдық округтегі елді мекендердегі мектептерде аталып өтті.

Пікір жазу