Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жақсылықтың жолы, жақсының қолы ұзын

Жақсылықтың жолы, жақсының қолы ұзын

Жетісай ауданы Асықата кентінде «Жеңіс» мектеп-гимназиясының жанынан спорт алаңшасы пайдалануға берілді,  деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында  ашылған бұл нысанды аталған мектептің 2008 жылғы түлектері өз қаражаттары есебінен сыйға тартып отыр. Нысанның  жалпы құны 4,2 млн теңгені құрайды.
Нысанның ашылу салтанатына аудандық қоғамдастық кеңестік төрағасы Т. Жүнісов, Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы А. Утанов, Асықата кентінің әкімі Б. Серіков, мектеп директоры Г. Убайдина және кент тұрғындары қатысты.

Кент тұрғындары алаңға демеушілік жасаған мектеп түлектеріне алғысын жаудырып, ізгі тілектерін арнады. Спорт алаңшасының ашылуына әсіресе мектеп оқушыларының қуанышы шексіз, енді олар бос уақыттарын жаңа алаңшада тиімді пайдаланатын болады.

Мерекелік іс-шара соңы кіші футбол турниріне ұласып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Пікір жазу