Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА АУДАН БАСШЫСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ОТЫРАРДА АУДАН БАСШЫСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Отырар  ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Индонезия мемлекетінің Джакарта қаласында өткен ХVIII Азия ойындарының самбо күресінің жеңімпазы, Отырар ауданының тумасы Бағлан Ибрагимді қабылдады, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуде аудан басшысы халықаралық спорт алаңдарында еліміздің туын туын көкке желбіретіп жүрген спорт саңлағын кезекті жеңісімен құттықтап, ел намысын қорғаудағы еңбектеріне сәттілік тіледі.


Бүгінде Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің спорт факультетінде 3-курста оқитын Бағлан Ибрагим алдағы қараша айында Румыния елінде өтетін әлем біріншілігіне дайындық үстінде. Бағланның ағасы Бақытжан Төребеков те спорт саласында біраз биіктерді бағындырған. Ол — Белградта өткен бүкіл әлемдік универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған жалғыз қазақстандық. Аудан басшысымен кездесу барысында Дзю-до күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақытжан Төребеков жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігін киелі Отырар ауданында өткізу туралы ұсынысын білдірді. Аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы аталған ұсынысты жүзеге асыруға әзір екендігін жеткізді.


Мәдениет пен руханият тарихында тамырын тереңге тартқан киелі Отырар өңірінен спорт саласының саңлақтары да аз шықпағаны белгілі.Салауатты өмір салтын қалыптастырып, шымыр білекті спортшылар тәрбиелеу мақсатында ауданнан шыққан кәсіпкерлерді жұмылдыра отырып бірқатар спорттық кешендердің пайдалануға беріліп жатқаны көзі қарақты оқырманға белгілі. Алдағы уақытта жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі де аталған аймақта ұйымдастырылуы бек мүмкін.

Пікір жазу