Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 31)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ШЫМКЕНТТЕ Ш.ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ӘНІМ СЕН ЕДІҢ» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Әнім сен едің» гала-концерті өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ескірмейтін есті әндер жаңғыртылған әуезді кеш «Шәмші әлемі» гүлзарында ұйымдастырылды. Концерт Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликпен басталды. Сазгердің халық арасында кеңінен танылған 20-ға жуық ...

Толығырақ »

АБАЙ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Абай ауданы аумағында биыл 86 көшені жарықтандыру жоспарланған болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Бозарық, Достық, Асар-2, Самал-3, Ақжайық шағынаудандарында және Қайнарбұлақ саяжайында жарықшамдар орнатылуда. Жалпы ауданда 223 көше жарықтандырылған. 2022 жылы 29 көше, 2023 жылы 13 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілді. Қамту көрсетікші 15,1 пайызға жетті. Сонымен бірге, тұрғындардың өз ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Түркістан өңірінде тұрғындар тарапынан түскен өтініштер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініш-тірліктерін тыңдады. Өңір басшысы халықтың өтініштерін мұқият тыңдап, барлық мәселе тек заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті. Тұрғындар талабына қатысты жан-жақты жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Қабылдауға келген азаматтардың ...

Толығырақ »

ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАУ — ОНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз ішкі істер саласына 24 жыл өмірін арнап, тұрғындар тыныштығының сақшысы болған білікті басшы. Ол Кентау қалалық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы — Бағлан Янкин, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция подполковнигінің айтуынша, оның бүгінгі таңда атқарып отырған лауазымы тікелей қоғам қауіпсіздігіне бағытталған. Яғни жергілікті тұрғындардың күнделікті тыныштығын ...

Толығырақ »

ТАҒАЙЫНДАУ

ҚР ІІМ Е. Саденовтың бұйрығымен, полиция департаменті бастығының ұсынысымен полиция полковнигі Жұмағұл Қуаныш Сағналыұлы Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа басшыны жеке құрамға Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Айта кетейік, полиция полковнигі Қуаныш Жұмағұлдың Ішкі істер ...

Толығырақ »

ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Жаслан Мадиев Шымкенттегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ны жұмыс барысымен танысты. Министр алғашқы кездесуді Мәделі Қожа көшесі, 1 Г мекенжайында орналасқан ХҚКО-ның қызметкерлерімен кездесуден бастады. 2022 жылы қайта жаңартудан өткен орталық заманауи техникамен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген. Азаматтар мұндағы «Connection point» секторынан маман көмегіне жүгінбей, ...

Толығырақ »

«СЕН ӨЗГЕРСЕҢ,СЕНІҢ ӘЛЕМІҢДЕ ӨЗГЕРЕДІ «

Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, аудандық полиция бөлімінің пробация бөлімшесінде, құқықбұзушылық бойынша есепте тұрған азаматтармен өмірге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыру мақсатында психологиялық кеңес өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: пробация есебіндегі жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу. Сондай-ақ спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өзіне деген ...

Толығырақ »

Тұтынушылар «e-tutynushy.kz» платформасында шағым қалдыра алады

Сайрам ауданының тұрғындарының назарына тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша «e-tutynushy.kz» платформасында шағым қалдыру туралы ақпараттарды ұсынамыз. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы елдегі ең проблемалы бағыттардың бірі болып табылады. Оның негізгі себебі: азаматтардың өз құқықтары мен заңдарын білмеуі, тараптардың жанжалдарды шешудегі қиындықтары, тұтынушылардың дауларды шешудегі әрекеттер алгоритмін білмеуі. Саланың оң жұмыс істеуіне жәрдемдесу мақсатында 2021 жылдан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ...

Толығырақ »

Түркістан қаласының әкімі “Тұран” тұрғын үй кешенін аралады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің жұмыс күні “Тұран” тұрғын үй кешенін аралап, кемшіліктердің қалпына келтірілуін тексерумен басталды. Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында анықталған олқылықтар, аумағын күл қоқыстарды тазарту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков баяндады. Құрылыс бөлімінің басшысы Нұркен Нақбаев мердігерлермен жүргізілген жұмыс жөнінде есеп берді. Қазіргі таңда мұнда аяқжолдардың бүлінген бөліктері қайта төселіп, кей үйлердің қасбеттерінің ...

Толығырақ »

ШАҺАР БАСШЫСЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында бірқатар маңызды нысандарды тексеріп, олардың жағдайымен танысты, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Ең алдымен, Қаратау ауданындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананы аралап, кітап қорын, әсіресе шет тіліндегі балалар әдебиетін көбейту қажеттігін айтты. Шаһар басшысы А-2 автожолын қайта жаңғырту жұмысының 6-7 кезеңін және Өтегенов көшесінің жөндеу жұмыстарын да ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ 94 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ӘНІМ СЕН ЕДІҢ» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Шымкент қаласында қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ерекше мәдени іс-шаралар өтті. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Әнім сен едің» гала-концерті халықтық сипатта ерекше ықыласпен қабылданды. Шараның басты мақсаты – Шәмші Қалдаяқовтың халық жадында мәңгілікке сақталған есті әндерін насихаттау мен қайта жаңғырту. Концерт «Шәмші әлемі» гүлзарында өтті және композитордың өмірі мен ...

Толығырақ »

ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«JASYL EL» атауы әрбір қазақстандыққа жақсы таныс. Жалпыұлттық жобаның еңбек маусымы жалғасуда. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді. Осы ретте жыл сайын еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып келе жатқан жобаның биылғы жаңалықтары туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік. «JASYL EL» еңбек жасақтарына өтінім қабылдау биылғы жылы мамыр айынан баcталып, ерікті жастардан құралған топ жұмысты жалғастырып келеді. Жобаға 16-34 жас ...

Толығырақ »

АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БАСТАЛАДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында аса қауіпті аурулардың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы сібір жарасы, адам папилломасы вирусы сияқты аурулар бойынша қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың қалай қалыптасып жатқаны туралы айтып берді. Эпидемиологиялық, эпизоотологиялық тұрғыдан Шымкент қаласы Республика көлемінде сібір жарасы аурушаңдығы бойынша қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Бүгінгі таңға қала көлемінде сібір жарасының эпидемиологиялық ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Қуанышбеков, партия филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев және кеңес мүшелері қатысты. Кеңестің күн тәртібінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыс барысындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу ...

Толығырақ »

ДЕПУТАТ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

Мәжіліс депутаты, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нәжметдинұлы Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Мәжілісмен орталық жұмысымен танысып, ұжыммен көлік иелеріне қызмет көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады. Шымкент қаласындағы орталық күніне 300-ге жуық адамға қызмет көрсетеді. Биыл 35 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіп, 12 мыңға жуық жүргізуші куәлігін берген. Автодром жолдарымен жабдықталған орталықта азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «SHYMKENT IT HUB»ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРК АШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын. Осыған орай, қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «DIGITAL KAZAKHSTAN : ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін «Tulip Hall» мәдени орталығында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Білім күні қарсаңындағы маңызды жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баршаны алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, саланың үздіктерін марапаттады. “Бүгінде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – негізгі талаптардың бірі. Бұл әрбір білім алушының, педагогтың және білім беру ұйымының оқу процесін жетілдіру ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

«Amanat» партиясы Түлкібас аудандық филиалының және Түркістан облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Түлкібас аудандық мансап» орталығы филиалының ұйымдастырылуымен аудандық Мәдениет үйінің кіші залында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындар білім саласы, денсаулық сақтау саласы және басқа да түрлі сала бойынша ұсынылды. 43 жұмыс орны білім саласынан, ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түлкібас ауданына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібай жауапты мамандармен арнайы келіп, аудан аумағындағы ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан білім беру мекемелерінің жұмысын бақылап, жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады. Ондағы білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына қатаң ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды. Бейсенбай Дәулетұлы Түлкібас ауданындағы жұмыс сапарын Састөбе кентінен ...

Толығырақ »

БИЫЛ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 4 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТІРЕК ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түлкібас ауданында соңғы 2 жылда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселе шешімін тауып келеді. Мәселең, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендеріне заманауи жаңа медициналық тіректер соғылып ел игілігіне пайдалануға берілді. Заманауи медициналық тіректе жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике халыққа қызмет көрсететін болады. Бұл ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: «ҚОҒАМДЫҚ ЭКО-БАҚЫЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық шарасын қолдау және «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен 15 тамыз-15 қыркүйек аралығында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы өтеді. Осыған орай, Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне өңірлік қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен эко-бақылау жұмыстары жүргізілді. Шара барысында кеңес мүшелері қорық музейдің жай күйін бақылап, тиісті ұсыныстарын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ ҰЙЫТҚЫСЫ – ЕНЕ МЕН КЕЛІН» САЙЫСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты. Сайыстың мақсаты – еліміздегі әрбір шаңырақтың тату-тәтті, үлгілі болуын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу. Жарасымды жанұяны анықтап, өнегелі отбасын көпке үлгі ету. Ұлттық салт-дәстүрімізге сай, ...

Толығырақ »

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» ЖОБАСЫ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бюджеттік кредиттер мен көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну көзделген, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Арыс қаласының мәдени күндері түңлігін түрді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі күнге созылатын бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы. Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Мұнда келушілер Арыс қаласының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдаудың арқасында грант алып, кәсібін ашқан азаматтар өз туындыларын ұсынды. Ашық ...

Толығырақ »

МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мәселелері бойынша жиналыс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбековтің төрағалығымен өткен жиынға денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік кірістер басқармасы, қала, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатысты. Жиналыс барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры ...

Толығырақ »