Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 81)

Әлеумет

БӘЙДІБЕКТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРТ НЫСАНДАРЫ САЛЫНУДА

Бүгінде Шаян ауылында жеке инвесторлар жалпы құны 1,3 млрд. теңгеге жабық теннис корты, жүзу бассейні, және спорт алаңшаларының құрылысын бастап кетті. Бұл нысанмен бүгін Бәйдібек ауданына арнайы баспасөз-турымен барған БАҚ өкілдері танысты. Құрылыс нысандарын түркиялық мердігер компания салып жатыр. Бұл нысандар биыл пайдалануға берілмек. Теннис корты сапалы төсенішпен жабдықталған. Ал, жабық бассейннің ұзындығы 25 метр болса, ені — 11 метр. ...

Толығырақ »

Бәйдібек ауданында үй салам дейтін тұрғындар үшін коммуналдық мәселелер толық шешілген

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 55 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Бүгін ауданға арнайы баспасөз-турымен барған БАҚ өкілдері аудандағы бірқатар жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған жер телімдері Шаян ауылдық округінде кезекте тұрған 326 тұрғынға беріледі. Бұл жер телімдерінде автожол, аяқ жол төселіп, суағарлар мен электр бағаналары және ауыз су ...

Толығырақ »

БІШКЕКТЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУРЕТШІ ҚҰТТЫБЕК ЖАҚЫПТЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

Бішкектегі Гапар Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық сурет өнер музейінде қазақстандық суретші Құттыбек Жақыптың көрмесі өтеді. Аталған көрме Ш.Айтыматовтың 90 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Суретшілер одағының жауапты хатшысы әрі өнертану ғылымдарының кандидаты Жамбыл Натбаев биыл Қазақстан суретшілер одағына 85 жыл толатындығын және мерейтой қарсаңында көптеген істер қолға алынып отырғандығын жеткізді. «Биыл әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың ...

Толығырақ »

МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Медиация күні» республикалық акциясы аясында ашық есік күнін өткізді. Облысымыздың барлық қала, аудандарында өткен іс-шара аясында өңір тұрғындарына құқықтық кеңестер беріліп, дауласушы тараптар мәмілеге шақырылды. Осы күні облыстық ассамблея Түркістан қаласында «Медиация – татулық бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға сот қызметкерлері және кәсіби медиаторлар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, этномәдени бірлестік төрағалары, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары ...

Толығырақ »

АГРОӨНЕРКӘСІП: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыс орталығы – Түркістан қаласында өңірдегі Аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасының және инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылауға арналған семинар-кеңес өтті. Жалпы Аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында жүктелген стратегиялық міндеттерді, бірінші кезекте Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 55 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА 1 СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Түркістан облысында 2018-2019 жаңа оқу жылында 1 381 балабақша, 907 мектеп және 94 колледж жұмыс істейтін болады. Бұдан өткен жылмен салыстырғанда биыл білім беру нысандары 4-уге артқанын көруге болады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді. Оның сөзінше, өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.  «Ағымдағы ...

Толығырақ »

Облыс әкімі жылыту маусымына дайындық шараларын жіті бақылауды тапсырды

Облыс әкімдігінде жаңа оқу жылының басталуына дайындық жұмыстары туралы өткен селекторлық мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан облысында 2018-2019 жылдардың жылу беру маусымына дайындық барысы сөз болды. Бұл туралы  облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайымның баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, бюджеттік мекемелерде, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарда қазандықтарды дайындау, жылу жүйелерін шаю, тазалау, гидравликалық сынақтан өткізу ...

Толығырақ »

Түймебаев Тамыз кеңесін жоғары деңгейде өткізу жөнінде тапсырма берді

 Облыс әкімдігінде өткен селекторлық мәжілісте 2018-2019 оқу жылының басталуына дайындық жұмыстары талқыланды. Дайындық барысы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов баяндама жасады. Оның айтуынша, өңірдегі білім ұяларын жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындау бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Бүгінде өңірдегі 1289 білім беру мекемесінде қысымдау және гидравликалық сығымдау жұмыстары қолға алынған. Жалпы 849 білім беру нысандарына 131863 тонна ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНҒА АУМАҚТЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ДЕПАРТАМЕНТІ КӨШТІ

Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардың бірі — Мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардың бірі болып көшті бастады. Яғни,  Түркістан қаласында бүгін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарының өкілдігі ашылды. Бұл  туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ә.Тілегенов пен қала әкімі Ә.Өсербаев қатысты. Салтанатты жиналысты ...

Толығырақ »

СОЛТҮСТІКТІ ТАҢДАЙТЫН ТҮЛЕКТЕРГЕ 6 МЫҢДАЙ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті екендігі айтылады. Осыған орай, ҚР Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» («Серпін») атты жобасын ұсынған болатын. Жалпы бағдарлама басталғалы бері 4 жылда Түркістан облысы бойынша жоғары оқу орындарында – 6490, колледждерде – 1938 жас білім алуда. Демек, бағдарлама аясында білім алып жатқан ...

Толығырақ »

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІІ СЕССИЯ ӨТТІ

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлы да қатысты. Күн тәртібінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Шымкент қаласының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы есебі жайында баяндап берді. Оның айтуынша, 2017 жылы білім саласына 45,5 миллиард теңге бағытталып, 11414 оқушы ыстық тамақпен, 5483 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып, 1650 оқушы «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысқан. Сонымен қатар, ағымдағы ...

Толығырақ »

Жол құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Жуырда ғана республиканың үшінші қаласы атағы берілген Шымкент қаласының  сәулеті, келбеті, тіпті жол құрлысы да үшінші қала атауына лайық болуы тиіс. Бұл жөнінде қала әкімдігі тарапынан біршама  жобалар қолға алынып,  жалғасын табуда. Осы орайда қалалық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Бөгет көшесінің құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау жариялап отыр. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қалалық ...

Толығырақ »

Шымкентте қорғасын зауытының мұнарасы бұзылатын болды

Кеңес заманында Шымкенттегі ірі үш өндіріс орнының бірі болған  қорғасын зауытының аумағында құлауға шақ қалған ескі мұнара бұзылатын болды. Бұрынғы қорғасын зауытының мұнарасын бұзуға әкімдік тарапынан конкурс жарияланды. Ескі мұнаралар мердігер мекеме анықталған сәтте бұзылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі бұрынғы қорғасын зауытының үш мұнарасын бұзу үшін мемлекеттік сатып алу туралы тендер ...

Толығырақ »

МЕМҚЫЗМЕТ МӘРТЕБЕСІ МЕН МЕРЕЙІ

Шымшаһарда орын тепкен «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» үлкен залындағы «Мемлекеттік қызметшілер күні» және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы мерекесі жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыруы да, жазылған сценариі де, марапатталғандар тізімі де, концерттік бағдарламасы да – көңілге қонымды. Әсіресе, болашағымыздағы «аңыз адамдарды» марапатталғандардың арасынан байқағандай болдық. Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы. Биліктің жарқын келбеті. Мемлекет алдында тұрған талап пен міндетті орындау қоғамның осы тобына жүктелген. Басқару құрылымының жұмысын тиімді жүзеге ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ

Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өттi. Жиынға Түркiстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкiмi Ғ.Әбдiрахымов, ҚР семлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, мәслихат депутаттары және 900-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Салтанатты жиында Жансейiт Қансейiтұлы, Ғабидолла Рахметоллаұлы барша мемлекеттiк қызметкерлердi мерекемен құттықтап, қазiргi сәтте мемлекетке ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯ ҚҰРМЕТІНЕ

Шымкент қаласында Қазақстан полициясының 26 жылдығына байланысты ескерткіш-обелиск ашылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, милиция генерал-майоры Ж.Сұлтанов және өзге сала ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты. Ескерткіштің ашылу рәсімінде алғашқы болып сөз алған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы жаңа нысанның мән-маңызына тоқталып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің төл мерекесімен құттықтады.     – Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел ...

Толығырақ »

«HIGHVILL» ҮЙЛЕРІ ШЫМҚАЛАДА САЛЫНАДЫ

Шымкентте әлемге әйгілі «Highvill» компаниясы тұрғын үйлер салмақ. Шымкент әкімдігі, «Highvill» құрылыс компаниясы және «Шымкент» ӘКК осындай үш жақты меморандумға қол қойды. Көп қабатты үйлер «Shymkent City» аумағына салынады. Құрылыс компаниясы осы мақсатта 160 млрд теңге шамасында инвестиция құймақ. Компания салатын құрылыс алаңының жалпы ауданы 52 гектарды құрайды, ондағы үйлер кешенінде 5500 пәтер мен 6700 орындық көлік тұрағы қаралған. Компанияның өкілдері ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА ЕСКІ ӘКІМІ

Шымкент қаласының жаңа әкімі болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Бұл қызметте ол Нұрлан Сауранбаевты алмастырды. Мегаполистің жаңа әкімін қалалық активке Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Олар Ғабидолла Әбдірахымовқа сәттілік пен ауқымды жобалардың жүзеге асырылуын тіледі.     Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов бұған дейін Шымкентті облыс орталығы кезінде басқарған болатын. Қала әкімі қызметіне 40 жасында тағайындалған. Оған дейін ...

Толығырақ »

ШАҒЫН АУДАН «АСТАНА» БЕРДІ БІЗГЕ БАСПАНА!

Жаңа «Астана» шағынауданы тұрғындарына пәтер кілттері тапсырылды. Шымкент қаласында «Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» акциясы аясында «Астана» шағынауданы мен «Астана» гүлзары ашылды. Сонымен қатар, тұрғындарға облыстық әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан осы шағынауданнан жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды.Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев көпшілікті осы қуанышты сәтпен құттықтады. – Шымкент – елімізде Астана мен Алматы ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚТАР АҢ-ТАҢ – ҚАРСЫ АЛАДЫ «FONTAN»!

Шымкент қаласында «Fontan» аквапаркі ашылды. Салтанатты жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады. – Міне, баршамыз қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Жаңадан ашылып отырған заманауи аквапарк барлық талапқа сай етіп жасалған. Бүгінде қаламызда халықтың тынығып, демалуына арналған орындар көбейіп келеді. Мәселен, жуырда ғана қаланы қақ жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойын абаттандырылып, суға шомылуға ...

Толығырақ »

ҚОС-ҚОСЫНАН АШЫЛҒАН БАЛАБАҚША

Шымкентте екі балабақша – №17 «Достық» және №37 «Әйгерім» (коррекциялық) бөбекжай-балабақшалары пайдалануға берілді. Ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған бөбекжай-балабақшалар заман талабына сай жабдықталған. «Достық» балабақшасы – 50, ал «Айгерім» бөбекжай-балабақшасы 55 орынға лайықталған. Жеке спорт залы және дәрігер бөлмелері бар.     Балабақша ғимаратын «Otau ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Қала әкімі Н.Сауранбаевтың Шымкенттің республикалық дәрежедегі қала атануымен құттықтауы Құрметті шымкенттіктер! Қадірлі жерлестер! Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкентке республикалық қала дәрежесін беру туралы Жарлыққа қол қойғанын баршамыз асқан қуанышпен қарсы алып отырмыз. Осы сәттен бастап елімізде үшінші мегаполис, он жетінші аймақ пайда болды. Шынында да тарихи саналатын бұл сәтке біз ұзақ уақыт жеттік. Енді Астана және Алматы тұрғындарымен бірге ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНДЕГІ БАСҚОСУ

Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі Нұрлан Сауранбаев төрағалық еткен арнайы мәжіліс өткізілді. Оған қала әкімінің орынбасарлары Бейсенбек Жанбосынов, Қайрат Нұртай, Ғабит Мәуленқұлов, Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері және «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің басшылығы қатысты. Күн тәртібіне бір ғана мәселе шығарылды – 1979 жылы пайдалануға берілген Ғани Мұратбаев атындағы балалар темір жолының жұмысын жандандыру тиімділігі. Мәжіліске қатысқан азаматтар ...

Толығырақ »

ШЫМҚАЛАНЫҢ БАСТАМАСЫ

Шымкенттің төрт ауданында қаланың жаңа дәрежесіне байланысты конференциялар өтті. Осыдан біраз бұрын, 17 мамыр күні Мемлекет басшысы Шымкент үшінші миллионды қала атанғаны туралы ресми мәлімдеген болатын. Аудандарда өткен конференцияларға мыңға жуық адам қатысты. Олар – көшелер мен үй төрайымдары, қаланың ақылдастар кеңесінің мүшелері. Конференциялар барысында тұрғындар осынау оқиғаға қатысты өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, Шымкенттің дәрежесі өзгеруіне байланысты бір ауыздан үндеу қабылдау ...

Толығырақ »

ӘЛЕМДІК РЕКОРД ЖАҢАРДЫ

Шымкенттің миллион тұрғыны бар ірі қалалар – мегаполистер қатарына қосылуына орай, облыс орталығының тұрғындары қолдарын жазып бүгу жаттығуын миллион рет орындады. Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері болды. Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС – 2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, қала басшысына ...

Толығырақ »