Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ БОЛДЫ

ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ БОЛДЫ

— Екі баланың тәрбиесімен үйде отырған жас анамын. Күйеуім осы кезге дейін өзн-өзі жұмыспен қамтып, отбасын асырап келген еді. Төтенше жағдайға байланысты қалада карантин жарияланып, күйеуімнің жұмысы тоқтап қалды.

Өзім Атамекен Палатасының «Бизнес Бастау» бағдарламасымен оқып, енді кәсібімді бастаған болатынмын. Ол да уақытша тоқтады. Мемлекеттен берілетін 42 500 теңге көмек отбасымызға тағайындалғанын естігенде қуандық. Телефоныма хабарлама келген соң, үш күннің ішінде ақша түсті.

Қазіргі уақытта бұл қаражаттың өзі біз секілді жас отбасыға қолдау болды. Қиын кезеңдерде қол ұшын берген мемлекетке шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Гүлжаухар Жаңабай,
Шымкент қаласының тұрғыны

 

 

Пікір жазу