Коронавирус індетіне байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай табысынан айырылған тұрғынның бірі -.Ержан Сәрсенбайұлы. Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.
— Мен Шымкент қаласының тұрғынымын. Еліміздегі төтенше жағдайға орай табысымнан айырылып қалдым. Осындай қиын сәтте әр тұрғынның жағдайын ойлаған Мемлекет басшысының саясатына риза болдым. Өзім сауда орындарының бірінде жұмыс істейтінмін. 42 500 теңгеге өтініш бердім. Қаражат үш күннің ішінде түсті. Қиналғандарға көмек берген Үкіметке үлкен алғысымды білдіремін, — деді ол.
Еске сала кетсек, Шымкентте қазірге дейін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 229 мыңнан астам адам алды.
Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы