Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » Қ-Ж.ТОҚАЕВҚА РАҚМЕТ!

Қ-Ж.ТОҚАЕВҚА РАҚМЕТ!

Бізді сын сағатта қолдаған Қ.Тоқаевқа рақмет!
Дүниежүзін әбігерге салған ауыр індетке байланысты ел аумағында төтенше жағдай жаряланды. Қаншама компаниядар мен өндіріс орындары жұмысын доғарды. Мемлекеттер шекарасын жауып, барыс-келіс, қозғалыс тоқтатылды.

Қазақстан да қауіпсіздікті бірінші орынға қойып, кешенді шараларды қолға алды. Карантин енгізіліп, дәрігерлер мен полицейлер, әскерилер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.

Ел Үкіметі мен жергілікті әкімдік барлық іс-шараларды жүйелі үйлестіріп, тұрғындардың өз үйлерінде уақытша оқшаулануына жағдай жасады.

Ең бастысы осындай қиын кезде тұрақты табысынан айырылған азаматтарға ел билігі 42500 теңгеден әлеуметтік көмек беруді қолға алды. Алғашқылардың қатарында біздің компания өтінім беріп, бүгінде барлық қызметкерлер аталған көмекке қол жеткіздік.

Сомма сырт көзге көп емес шығар бірақ төтенше жағдай кезінде ас-ауқатты айыруға жетеді. Сондықтан сын сағатта қол созып, жылылық танытқан ел биілігіне адами алғыс айтамын!

​Эльдар Бейсенбаев,
жеке кәсіпкер

 

Пікір жазу