Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ИЕ БОЛДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ИЕ БОЛДЫ

31 жастағы Айгүл Нұрлыбаева 14 сәуір күні төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгеге өтінім беріп, әлеуметтік көмекке ие болды. 2 баланың анасы Сарыағаш ауданы Қызылжар елді мекенінде тұрады. Жолдасы екеуі егін шаруашылығында жұмыс жасайды. Төтенше жағдайға байланысты екеуі де үйде, табыс көзінен айырылып қалды. Бүгінгі таңда жолдасы Марат Нұрлыбаев 42500 теңге алу жөнінде өтінім қалдырып, жауабын күтіп отыр. Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында 42500 теңге тағайындау бойынша 669932 азамат өтінім білдірген.
Оның ішінде:
– Штабтың қарауына – 88;
– Қабылданбағаны – 281554;
– ЭМД бойынша жасақталғаны – 402526;
– ҰАО (НАО) қарауына – 5674;
– МӘСҚ (ГФСС) қарауына – 30714;
– Өтініштер бойынша тағайындалғаны – 352202;
– Белсенді тағайындалғаны – 11726;
– Жалпы барлық тағайындалғаны –363928;
– Тағайындаудан бас тарту – 2210.

Пікір жазу