Бала кезімізден: «Әйел – ана, әйел – бақыт, әйел – гүл» деп тәлім-тәрбие алған едік. Қарындасың да – әйел, қызың да – әйел. «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді», – деуші еді үлкендер. Сөйтсек…
Бірде Қорқыт ата оғыз қағанының өзіне тікелей қарата айтып, ел-жұртына мынадай өсиет қалдырыпты: «Әйелдің өзі түрлі болады. Оның бірі – ниеті қураған әйел, екіншісі – ынсапсыз әйел, үшіншісі – үйдің құты болған әйел, төртіншісі – кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы – сол», – депті.
Шынында да, Қырғы базарға барып, аты-жөні жоқ аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан әйелдерді көріп: «Жалпы мыналар адами қасиеттен де жұрдай ғой!» – деп қалады екенсің. Жасы бар, кәрісі бар – шеттерінен бетпақ, іздегені ұрыс, көздегені бәлеқорлық. Сөйте тұра, ауыздарынан ұлттық намыс туралы бірдеңелерді шығарғысы келеді. Жұмыс бабымен түсірген тікелей эфирімізге келіп, бойларындағы бар әдепсіздігі мен мәдениетсіздігін көрсеткен бұндай әйелдерді Қорқыт ата көрсе, қорқып кететін шығар…
Баламмен жасты анаусы тіпті «сенсілеп» өліп бара жатыр. Аузында не бетпердесі жоқ, сөзінде бір тоқтауы жоқ. Ау, қазақ әйелдері осындай ма еді? Сендер үшін намыстанып, жерге кіріп кете жаздадым ғой!..
Осындайлардан Алла сақтасын!..
Әсет Әссанди,
үйінде әдепті әйелі бар бақытты азамат.