Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтуде. Жиында көтерілген бастамалар елдің саяси жүйесін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар ретінде бағаланды.
Комиссия мүшесі Ержан Жиенбаев атап өткендей, Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қалыптастырылған саяси құрылымның логикалық әрі үйлесімді түйінін айқындайтын тарихи ұсыныстарын ортаға салды. Бұл бастамалар басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыруға және билік архитектурасын нақтылауға бағытталған.
Соның ішінде Вице-президент институтын енгізу туралы ұсыныс ерекше мәнге ие. Мемлекет басшысы бұл лауазымның еліміздің жағдайында мемлекетті басқару процесін тұрақтандырып, билік иерархиясын айқын әрі біржола қалыптастыратынын атап өтті. Мұндай қадам саяси жүйенің орнықтылығын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Сонымен қатар, реформалардың жаңа кезеңінде қоғам дамуының барлық өзекті мәселелері бойынша тұрақты әрі ашық диалог жүргізу мақсатында Қазақстанның Халық Кеңесін құру ұсынылды. Бұл орган қоғамдық келісімді нығайтып, негізгі қоғамдық-саяси институттар мен бірлестіктерді ортақ платформада тоғыстыратын маңызды тетікке айналмақ.
Қазақстанның Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Осы екі институттың негізгі қағидаттарын Конституция деңгейінде бекіту — олардың тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуінің кепілі.
Ержан Жиенбаев білдірген ұстанымдармен толық келіседі және аталған бастамалар Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртуға, ұлттық бірлік пен басқару тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған уақыт талабына сай әрі орынды шешімдер деп санаймын.
© Didarbek.kz