Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды

Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жиында айтылған пікірлер конституциялық реформаның тек жекелеген салалық өзгерістермен шектелмей, ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған кешенді трансформация екенін айқын көрсетті.
Комиссия мүшесі Эльвира Азимова атап өткендей, конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды. Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлік құрылымдар, сондай-ақ заңгерлер мен сарапшылар тарапынан көптеген ұсыныстар түсті. Бұл – реформалардың қоғамдық сұранысқа негізделгенін және азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен жүзеге асып жатқанын білдіреді.
Осы тұрғыда Конституциялық комиссияның құрылуын салалық реформалардан ауқымды әрі жүйелі конституциялық өзгерістерге көшу ретінде бағалауға болады. Комиссия құрамына Парламент депутаттарының, мәслихат төрағаларының, бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының, қоғамдық белсенділердің, мемлекеттік органдар мен өңірлік қоғамдық кеңестер өкілдерінің, сондай-ақ ғылыми және сараптамалық қауымдастықтың енуі — қоғамдағы пікірлер мен тәжірибенің кең спектрін қамтуға мүмкіндік береді.
Комиссияның алдында тұрған міндет те айрықша маңызға ие. Бір жағынан, конституциялық құрылыстың іргелі қағидаттарын сақтау қажет болса, екінші жағынан, заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын теңгерімді әрі тиімді шешімдер ұсыну маңызды. Бұл бағыттағы тәсіл толық қолдауға лайық.
Осы тұста Эльвира Азимова көтерген ұстанымдармен толық келісемін және комиссия мүшелерінің кәсіби тәжірибесі мен азаматтық жауапкершілігі барлық ұсыныстарды жан-жақты саралап, еліміздің дамуына серпін беретін нақты әрі негізделген конституциялық өзгерістер әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенім білдіремін.
Жалпы алғанда, Конституциялық комиссия жұмысы — қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтатын, мемлекет дамуының ұзақмерзімді бағытын айқындайтын маңызды әрі уақыт талабына сай қадам.
 © Didarbek.kz

Пікір жазу