Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ 432 ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ 432 ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шаһарда қарқынды салынып жатқан «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніне арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Аймақ басшысы нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын, құрылыс қарқынын және белгіленген мерзімдердің сақталуын жеке бақылауына алды.

Нет описания фото.

Облыс әкімі мердігер мекемелердің басшыларымен кездесіп, тұрғын үйлердің сапасы бірінші кезекте тұруы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын кестеге сай аяқтап, болашақ тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз баспана ұсыну – басты міндет екенін ескертті. Бұл тұрғын үй кешені облыстағы баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі саналады.

Жалпы жер көлемі 5,2 гектарды құрайтын «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде 432 пәтер қарастырылған. Пәтерлердің жалпы ауданы – 23 178,4 шаршы метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Жобаның жалпы құны 7 880,6 млн теңгені құраса, бүгінгі күнге дейін 4 755,8 млн теңге қаржы игерілген. Құрылыс жұмыстарын «Bolt Construction Group» ЖШС (3 тұрғын үй – 324 пәтер, 17 384 шаршы метр) және «Отар құрылыс» ЖШС (1 тұрғын үй – 108 пәтер, 5 794 шаршы метр) жүргізіп жатыр.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Сапар барысында Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан 5000 орынға арналған еңселі мешіттің абаттандыру жұмыстарын да қадағалады. Құрылыс алаңына арнайы барып, абаттандыру сапасына ерекше назар аударған облыс әкімі мердігерлерге жұмысты жеделдетіп, кемшіліктерге жол бермеуді тапсырды.

Аталған мешіттің жалпы аумағы 4,2 гектарды құрайды. Құрылыс алаңының өзі 1 286,08 шаршы метр. Абаттандыру жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» мекемесі жүргізсе, техникалық қадағалауды «Сайрам құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда мешіт маңына жасыл желек отырғызылып, заманауи жарықшамдар орнатылуда. Шығыстық сәулет үлгісінде бой көтерген бұл нысанның құрылысы бүгінде 95 пайызға аяқталған.

Нет описания фото.

Айта кетейік, Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандар салу аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі ретінде тұрақты бақылауда. Бұл жобалар өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және қаланың сәулеттік келбетін жаңартуға бағытталған.

© Didarbek.kz

Пікір жазу