Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекеніне табиғи газ берілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Бұл – аудан тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалықтардың бірі. Көгілдір отынның ауылға келуі халықтың тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, экологиялық ахуалды оңалтуға да ықпал етпек.

Возможно, это изображение огонь

Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, ізгі тілегін білдірді. Ол өз сөзінде елді мекендерді газдандыру Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты әрі жүйелі саясатының айқын көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ табиғи газдың берілуі ауыл халқының күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, отбасылық шығындарды азайтуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Салтанатты шараға аудан әкімдігінің өкілдері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме өкілдері және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының мамандары қатысып, ақжарлықтарды айтулы оқиғамен құттықтады. Ауыл тұрғындары өз кезегінде ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, жауапты мекемелерге алғыстарын жеткізді.

Возможно, это изображение текст

Аталған жобаны «KazBulidCo» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды. Газ құбырының жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайды. Нәтижесінде бүгінде Бәйдібек ауданындағы 50 елді мекеннің 40 елді мекені немесе 80 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр. Ал аудан халқының жалпы саны 48 221 адам болса, соның 43 973-і, яғни 91,2 пайызы көгілдір отынның игілігін көруде.

Возможно, это изображение один или несколько человек и чаеварка

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қаратас, Тұрақты, Алмалы, Қошқарата, Кеңсай, Ақтас және Шұқыршақ елді мекендерінде газдандыру құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылып, өңір тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі жаңа деңгейге көтерілмек. Бұл бастамалар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыруға жол ашады.

© Didarbek.kz

Пікір жазу