Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Төлеби ауданына қарасты Қосағаш елді мекенінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 300 орындық жаңа білім беру нысаны салтанатты түрде ел игілігіне тапсырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Бұл – ауыл тұрғындары үшін көптен күткен, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба.

Возможно, это изображение помост, отдел новостей и текст "verek u отшА нат!"

Жаңа мектептің ашылу рәсіміне Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, ұстаздар қауымы мен ата-аналарды, оқушыларды айтулы күнмен құттықтады. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі ауыл балалары үшін жасалып жатқан бұл мүмкіндіктің маңызын атап өтті.

– Бұл – ауыл балалары үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа мектеп жас ұрпақтың сапалы білім алып, заман талабына сай дамуына жағдай жасайды. Білім ордасы ел болашағы – саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуге қызмет етеді деп сенемін, – деді Еркеғали Амантайұлы.

Нет описания фото.

«Келешек мектебі» ұлттық жобасы – еліміздегі білім беру инфрақұрылымын түбегейлі жаңартуға бағытталған ауқымды бастамалардың бірі. Қосағаштағы жаңа мектеп заманауи талаптарға толық сай салынған. Мұнда кең әрі жарық сыныптар, пәндік және зертханалық кабинеттер, интерактивті тақталармен жабдықталған оқу бөлмелері, робототехника және IT сыныптары, компьютерлік кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған үйірме бөлмелері, жайлы кітапхана мен оқу залдары бар.

Оқушылардың қауіпсіздігіне де ерекше мән берілген. Білім ордасы бейнебақылау жүйелерімен, өртке қарсы заманауи құралдармен толық жабдықталған. Инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес пандустар мен арнайы санитарлық тораптар орнатылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта жасалған. Бұдан бөлек, спорт залы, ашық спорт алаңдары және заманауи асхана оқушылардың игілігіне берілді.

Аталған нысанның құрылысын «Дос и К» ЖШС мердігерлік негізде жүргізіп, жұмыстар белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталған. Мектептің жалпы жер аумағы 1,97 гектарды құрайды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, борода и текст

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Төлеби ауданында білім беру саласына серпін беретін өзге де нысандар пайдалануға берілуде. Атап айтқанда, Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, ал Киелітас елді мекенінде 900 орындық жаңа мектептер ел игілігіне тапсырылған. Бұл бастамалар өңірдегі білім сапасын арттырып, ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған.

© Didarbek.kz

Пікір жазу