Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ 90 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 90 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында жалдамалы пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Көптен күткен жаңа баспананың кілті баспана кезегінде тұрған 90 отбасына табыстылды.
Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, бұл оқиғаның әр отбасы үшін маңыздылығын атап өтті.
Жаңа үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан және барлық инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етілген. Үйлерді тапсыру нысандардың дайын болуына және құжаттардың рәсімделуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Айта кетейік, жалдамалы пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу