Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 12 қазандағы №1119 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларымен марапаттау туралы шешім қабылданып, бұл бастама өңірлерде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Аталған Жарлық аясында Сайрам ауданында тұратын 31 анаға мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды. Оның ішінде 7 ана – «Алтын алқа», ал 24 ана – «Күміс алқа» иегері атанып, аналық мәртебесі мен отбасы алдындағы жауапкершілігі жоғары деңгейде бағаланды.

Возможно, это изображение гипсофила и текст

Сайрам ауданы бүгінде демографиялық өсімімен ерекшеленіп, өңірдегі алдыңғы қатарлы аудандардың біріне айналып отыр. Қазіргі таңда ауданда 12 911 көпбалалы ана бар. Бұл көрсеткіш аудан халқының өсімі тұрақты екенін және отбасылық құндылықтардың берік сақталғанын аңғартады. Атап айтқанда, олардың 129-ы «Батыр ана» атағына ие болса, 3 841 ана «Алтын алқа», 4 923 ана «Күміс алқа» иегері. Сонымен қатар, 355 ана І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған.

Салтанатты жиында аудан әкімі аналарды арнайы құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді. Ол өз сөзінде ананың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің болашағын айқындайтын басты фактор екенін атап өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

– «Қыз өссе – елдің көркі» деген дана халқымыз қыз баланы, ананы қашан да ардақтап, төрден орын берген. Әйел – отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның дамуына да сүбелі үлес қосып жүрген тұлға. Бүгінде аналарымыз мемлекеттік қызметте де, қоғамдық өмірде де, кәсіпкерлік пен шаруашылықта да табысты еңбек етіп келеді. Қымбатты ханымдар, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта шаттық орнап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әйел заты жаққан өмір шырағы ешқашан сөнбесін! – деді аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлы.

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Марапаттау рәсімі барысында аналардың жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімі байқалды. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар көпбалалы отбасыларға жігер беріп, аналардың қоғамдағы мәртебесін арттыра түскені анық. Мұндай игі шаралар отбасы құндылықтарын нығайтып, жас ұрпақты тәрбиелеуде ананың айрықша орнын айқындай түсетіні сөзсіз.

© Didarbek.kz

Пікір жазу