Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында қазақстандық имамдардың білімін жетілдіруге бағытталған Ислам институтының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Ел руханияты үшін маңызы зор бұл айтулы шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысып, көпшілікті жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады.

Возможно, это изображение текст

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан дәстүрлі исламды дәріптеу және оның ғылыми-теориялық негізін дамыту жөніндегі тапсырмасына арнайы тоқталды. Аймақ басшысы бұл бастама – діни тұрақтылықты нығайтуға, қоғамда дұрыс діни көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

– Президентіміз «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет» деген болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, дін саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыратын Ислам институтын ашып отырмыз. Институт заманауи үлгідегі материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Бұл игі іске қолдау көрсеткен «Хилует» қоғамдық қайырымдылық қорына, демеуші азаматтарға және Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлына шынайы алғысымды білдіремін. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістанда осындай білім ордасының ашылуы – заңды құбылыс. Бұл институт Ахмет Ясауи ілімін терең зерделеп, имамдардың кәсіби әрі рухани деңгейін арттыруға қызмет етеді. Мұнда тек Түркістан облысының ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген дін қызметкерлері де білімін жетілдіре алады, – деді Нұралхан Көшеров.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Салтанатты рәсім барысында облыс әкімі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысындағы өкілдігіне жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыстап, дін қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге бағытталған қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа ашылған институттың шәкірттерімен кездесіп, тағылымды дәріс оқыды. Ол өз сөзінде діни білімнің тереңдігі мен жауапкершілігі жоғары имамдардың қоғамдағы рөліне тоқталып, бұл институт сол талаптарға сай мамандар даярлайтынына сенім білдірді.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 745 мешіт пен 1400-ден астам дін қызметкері халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ислам институтының оқу ғимаратының жалпы аумағы 1250 шаршы метрді құрайды. Мұнда 90 орындық дәріс залы мен 40 орындық кітапхана қарастырылған. Сонымен қатар дәл осындай аумақта жатақхана ғимараты салынып, 45 орындық асхана жұмыс істейді. Бұл – тыңдаушылардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалғанын көрсетеді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Іс-шара соңында қатысушылар рухани салаға серпін беретін осындай игі бастамаға ұйытқы болған облыс әкімдігіне, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына және жобаға қолдау білдірген демеуші азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Жаңа институт ел ішіндегі діни білімнің сапасын арттырып, қоғамдағы рухани бірлікті нығайтуға өз үлесін қоспақ.

© Didarbek.kz

Пікір жазу