Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТУРАЛЫҒЫ ЖОҚ ТҮРКІСТАН!

ТУРАЛЫҒЫ ЖОҚ ТҮРКІСТАН!

Қазақта: «Шымшық сойса да, қасап сойсын» деген тәмсіл бар. Бір күн балаларға сабақ бермеген Ғалымжан Орын біраздан бері Түркістан облыстық Білім басқармасының басшысы қызметін атқарып жүр. Қалай атқарып жүргенін осы саладағы көбейген дау-дамайдың өршуінен аңғаруға болатындай (ол жайында дайындаған саралауымыз бар, кейін жария ете жатармыз). Ал, бұл азаматтың еңбек жолын зерделесек: Қазығұрт ауданының Салық инспекциясы, Заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің инспекторы, Заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің аға инспекторы, Салық комитеті, Салық төлеушілермен жұмыс бөлімі, Заңды тұлғалармен жұмыс секторының жетекші маманы, Аудит бөлімі, Заңды тұлғалардың аудит бөлімінің бас маманы, Салық комитеті төрағасының орынбасары – Салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы, Салық комитеті төрағасының орынбасары, Сарыағаш ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Кентау қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Кентау қаласы бойынша Салық басқармасының бастығы, ҚР ҚМ, СК, ОҚО, Салық департаменті бастығының орынбасары, ҚР ҚМ, Мемлекеттік кірістер комитеті, ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, ҚР ҚМ, Мемлекеттік кірістер комитеті, Ішкі әкімшілендіру департаменті, Қаржы басқармасының басшысы, ҚР ҚМ, Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұйымдастыру жұмыс департаменті, Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, ҚР ҚМ, Мемлекеттік кірістер комитеті, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, ҚР ҚМ, Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі.
Қай жерінде мектепке, білімге, балалармен жұмысқа қатысты тәжірибесін көріп отырсыздар?
Нет описания фото.
Сонда бір күн дәріс бермеген Ғалымжан Орын облыстық білім басқармасын басқара алады да, 25 жыл педагогикалық өтілі бар, он жыл бойы мектеп басқарған, бар ғұмырын Ғ.Орын сияқты қаржыға емес, балаларға арнаған Гүлнұр Сулейменова аудандық білім бөлімін басқаруға жарамай ма?..
© Әсет Әссанди,
«ЕЛ НАМЫСЫ»
Арнайы мониторингтік тобының
Түркістан облысы бойынша жетекшісі.

Пікір жазу