Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

Биылғы 26 қарашада Түркістан қаласында еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында «Dialogue of Cultures: Мәдениеттер диалогы 2026» II халықаралық симпозиумы өз жұмысын бастады. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Түркістан облысының әкімдігімен, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен, БҰҰ Даму бағдарламасымен (UNDP), БҰҰ Балалар қорымен (UNICEF), БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен (UNFPA), «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен (UN Women), Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігімен, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетімен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен, Халықаралық туризм және меймандостық университетімен және «ECOJER» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Халықаралық алаң шет мемлекеттердің конституциялық бақылау органдарының, Құрылтай депутаттарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосты.

Ұлттық тарихи мұраны, құқық философиясын, білім мен ғылымды және халықаралық құқықтық стандарттарды зерделеу арқылы құқықтық мәдениет пен заманауи конституционализмді дамыту симпозиумның басты тақырыбына айналды.

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин симпозиум қатысушыларына құттықтау үндеуін жолдады. Ол симпозиумның Егемендікпен қатар басты конституциялық құндылық болып табылатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Жаңа халықтық Конституцияда Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының қатарына жатқызылған. Вице-Президент Конституцияның Ата Заң ғана емес, адам, қоғам және мемлекет арасындағы қоғамдық келісім екенін де атап өтті. Конституция нормаларының толыққанды іске асырылуы азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейіне, заңды құрметтеуіне және конституциялық қағидаттарды дәйекті түрде сақтауына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы Айбек Дәдебай симпозиум қатысушыларына жолдаған құттықтауында конституциялық құндылықтарды заңнамалық тұрғыдан бекіту, қоғам мүдделерін қамтамасыз ету және мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогті дамыту бағытындағы өкілді органның міндеттерін атап өтті.

Пікір жазу