Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЕРЕБЕ ТАСТАЛДЫ – ЖАҢАРУ БАСТАЛДЫ!

ЖЕРЕБЕ ТАСТАЛДЫ – ЖАҢАРУ БАСТАЛДЫ!

Сонымен, Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың соңғы, бесінші отырысы өз жұмысын аяқтады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы саяси өмірімізде орын алатын көптеген оң өзгерістер туралы айтты. Нағыз «Жаңа Қазақстан» жағдайында өмір сүретінімізге көзіміз жетті.
Возможно, это изображение один или несколько человек
Біріншіден, екі палаты Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай жасақталатын болды.
Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың жұмыстары тоқтатылып, екеуінің міндеттерін жаңадан құрылатын Қазақстанның Халық Кеңесі атқарады екен.
Үшіншіден, бір кездері жойылған вице-президент институты қайта құрылады.
Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей, помост и текст "XЛTTblK KyPblЛTAЙ Kbl3blлoPAA, 2026 жblл ራማ S"
Осы және бірқатар басқа өзгерістерді Ата Заңымыз – Конституцияға енгізу үшін кеше Мемлекет Басшысы «Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы» Қаулыға қол қойды.
© Әсет Әссанди,
журналист.

Пікір жазу